back қайтып келу

Алматы сізді күтеді

Алматы және Алматы облыстары бойынша ұмытылмас турлар - өзіңізге жарқын әсер сыйлаңыз!

Қазақстан бойынша туризм

ҚАЛАДА немен айналысуға болады

 Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

Қабанбай батыр көшесі, 110

Екінші Ұлы Отан соғысының кезінде, КСРО өнерінің элитасы Алма-Ата (Алматының ескі атауы) көшірілді. Сергей Эйзенштейн мұнда «Иван Грозныйды» түсірген.

Панфилов жаяу жүргіншілер көшесі

Панфилов жаяу жүргіншілер көшесі

Панфилова көшесі

Панфилов көшесі Жібек жолы көшесінің қиылысынан Қабанбай батыр көшесінің қиылысына дейін жаяу жүргіншілер жүретін көше жасау үшін көшені қайта құру және қайта өзгерту туралы шешім қабылданғанға дейін 2017 жылдың жазына дейін өзгеріссіз қалған.

«Қазақстан» қонақ үйі

«Қазақстан» қонақ үйі

Достық даңғылы, 52

Бұл ғимарат қаланың суреті түсірілген ашық хат атаулының бүкілінің бетін безендіріп, ажарын ашып тұрғанына 30 жылдан асты. Ғимараттың қасбеті кеңестік модерн әдісінің классикалық үлгісінде орындалған, оның басына киген тәжі тектілік пен абыройдың символына айналған.

Көк Төбе

Көк Төбе

Достық даңғылы, 104Б

«Көктөбе» саябағы — отбасымен серуендейтін, ғашықтардың кездесетін сүйікті әрі ең танымал орындарының бірі. Саябақ Көктөбе тауында, теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте орналасқан.

Вознесенск кафедралды соборы

Вознесенск кафедралды соборы

Гоголь көшесі 40в

Ғимараттың шегесіз салынғаны, әрине, аңыз. Дегенмен, көптеген құрылыс технологиялары алғаш рет дәл осы соборды тұрғызу кезінде сынақтан өткізілді.

Казақ мемлекеттік циркі

Казақ мемлекеттік циркі

Ғарыш кемесі, дәстүрлі қазақ киіз үйі ме немесе шапито циркінің шатыры ма? Бұл ғимарат кезінде қаланың визит карточкаларының бірі болған, қазіргі күні де алматылықтар оның жанында серуендегенді және сүйікті циркінің орындықтарында шуақты күндерден ләззат алғанды жақсы көреді.

Қазақстан-Британ техникалық университеті (бұрынғы Үкімет үйі)

Қазақстан-Британ техникалық университеті (бұрынғы Үкімет үйі)

Ғимарат қаладағы ірі фестивальдар, концерттер, флэшмобтар, басқа да шаралар өтетін «Ескі алаңның» жиегінде орналасқан. Жуан колонналары сұңғақтана бой көтеріп тұрған алып ғимараттың жан-жағын субұрқақтармен қоршалған.

Орталық демалыс паркі

Орталық демалыс паркі

Орталық демалыс паркі — Алматының басты саябағы. Аттракциондар, аквапарк, дельфинарий, динопарк, қайықтар, т.б. қаласаңыз да, қаламасаңыз да мұнда келген соң бірден көңіліңіз көтеріліп кетеді. Орталық көлдің ортасындағы аралға салынған салтанатты мейрамханаға қайықпен жүзіп баруға болады немесе селдір көпірмен жаяу жетуге болады.

Тәуелсіздік монументі

Тәуелсіздік монументі

Зәулім монумент 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнап, егемендіктің бес жылдығына орай тұрғызылған. Ескерткіш алматылықтар «жаңа алаң» деп атап кеткен Астана алаңының шетінде орналасқан. Ұлттық егемендік символын салу бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төл идеясы болды.

Ботаникалық бақ

Ботаникалық бақ

Қаланың орталығынан шықпай-ақ жабайы табиғат құшағына енгіңіз келе ме? Онда қозғалыс толастамайтын Тимирязев көшесінің жағасында орналасқан баққа келіңіз.

28 панфиловшы гвардиашылар атындағы саябақ

28 панфиловшы гвардиашылар атындағы саябақ

Саябақ Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Мәскеуге фашистік танктердің шабуылын жалғызтоқтатқан Панфилов дивизиясының, 28 батыр-сарбаздарының құрметіне аталған. Дивизияныңтұрақты саяси жетекшісі Василий Клочковтың: «Ұлы Ресей, ал шегінерге жол жоқ.

Арбат

Арбат

ХІХ ғасырдың орталарында-ақ бұл көше сол кездері Верный аталған қала өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Кеңестік кезеңде жастардың сүйікті мекені, қала өміріндегі барлық айтулы оқиғалардың орталығы, қалалықтардың демалыс күндері серуендейтін сүйікті мекені болды.

Атакент

Атакент

Атакент іскерлік ынтымақтастық орталығының аумағында таңнан кеш батқанға дейін серуендеуге болады. Жағымды саябақ, балалар алаңдары, субұрқақтар, аквапарк, батут саябағы, мейрамханалар, Atakent Mall және «Галерея» сауда орталықтары, Қарқара базары

Республика алаңы

Республика алаңы

Алаң 1975 жылы ашылды, ал 1980 жылы Қазақстан астанасының басты алаңы ретінде ресми түрде ашылды және көпшілік көрсетілімдер, салтанаттар, мерекелер, әскери шерулер, халықтық серуендер өткізілетін орын болып табылды.

ҚАЛАДАН ТЫС немен айналысуға болады

«Медеу» биік таудағы мұз айдыны

«Медеу» биік таудағы мұз айдыны

«Медеу» — теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте, Қазақстанның «оңтүстік астанасы» – Алматы қаласының маңында, «Шымбұлақ» тау курортынан сәл төменірек, Медеу шатқалында орналасқан биік таудағы спорт кешені.

Шымбұлақ

Шымбұлақ

Курорттың орналасқан жерінің өзі тамсандырады — Алматының орталығынан небәрі 1 сағатта оның төріне шығып, ТМД аумағындағы ең биік тау барында кофе ішуге болады. Мұнда, тіпті жаздыгүні күн +30 градусқа дейін қызған кезде де қар жатады.

Үлкен Алматы көлі

Үлкен Алматы көлі

Үлкен Алматы көлі немесе қысқаша БАО – Алматыдан 20 шақырым жерде орналасқан көркем көл. Су қоймасы Қырғызстанның мемлекеттік шекарасына жақын орналасқан, бірақ бару үшін арнайы рұқсаттамалар қажет емес – және мұнда келген миллиондаған туристер мұның ең жақсы дәлелі.

Көлсай көлдері

Көлсай көлдері

“Тянь-Шань інжу-маржаны”, Көлсай көлдері Алматыдан 300 км қашықтықта, Күнгей-Алатау жотасының сілемдерінде орналасқан. Оны Қазақ Швейцариясы деп те атайды. Бұл таулардың тік беткейлерімен қоршалған ең әдемі үш тау көлі.

Шарын шатқалы

Шарын шатқалы

Шатқалды Америкадағы Гранд-Каньонмен жиі салыстырады. Шарын шатқалы Америкадағы каньоннан көлемі жағынан аздап қана кішілеу болғанмен, сұлулығы жағынан кем түспейді. Шатқалдың жалпы ұзындығы 154 шақырым, ал жасы 12 миллион жыл шамасында.

Таңбалы Тас

Таңбалы Тас

Осы тарихи ескерткіште біздің заманымызға дейінгі XIV – XVI ғасырларда тасқа қашап жазылған суреттермен көмкерілген бірнеше үңгір бар.

Қайыңды көлі

Қайыңды көлі

Тянь-Шань тау жүйесінде теңіз деңгейінен 1900 метр биіктікте орналасқан Қайыңды көлі (Қайыңды) – Қазақстанның табиғи көрікті жері.

Сақ қорғандары

Сақ қорғандары

Қазір бұл аумақта оңтүстік астана атанған алып қала қанат жайған, ал бұрынғы заманда даңқы жер жарған сақ және скиф тайпаларына тиесілі болған.

Байланыстар Байланыстар
Байланыстар

Қазақстан, Алматы қ., Абай даңғылы, 44